$ 439.43  473.31  4.82

«Алтын белгі» иегерінің қолынан қайтыс болған баланың анасы бар шындықты айтып берді

Мектепті кеше ғана үздік бітірген жас жігіт қамауға алынды. Полицейлердің айтуынша, ол қатарласын аяусыз пышақтап тастаған. Жас түлектердің бұндай қадамға баруына не себеп болды?

17 жастағы ұлдарынан қапыда көз жазып қалған отбасы қайғыдан қан жылап отыр. Эльвира Дүсіпова тұла бойы тұңғышының болшағынан үлкен үміт күткен. 11 сыныпты енді ғана тәмамдаған Азат теміржол институтына түсуді ойластырып, ауру анасын емдету үшін жақсы жұмысқа тұрып көп ақша жинауды армандаған.

Бірақ өкінішке орай, алдына қойған мақсатына жетпестен бұл өмірден тым ерте кетті. Сол бір қаралы күні футбол ойынына кеткен Азат ата-анасымен қауыша алмады. Ұзақ уақыт телефонын көтермей кешіккен баласының қан-жоса болып көшеде жатқанын әкесіне белгісіз біреу қоңырау шалып айтқан.

“Мен оны жедел жәрдемде көрдім. Ол кезде ұлым әлі есін білетін. Балам менің үйге баруымды өтінді. Мама “үйге қайтшы, уайымдама бәрі жақсы болады” деді. Бірақ дәрігерлер маған оның өте ауыр жағдайға жатқанын бірден айтты”,- дейді қайтыс болған баланың анасы Эльвира Дүсіпова.

Дәрігерлер қансырап жатқан Азатты аман алып қала алмады. Үш жерінен пышақталған баланың бір соққы дәл жүрегіне тиген екен. Ал ата-анасын тұңғышынан айырған күдікті бірнеше күннен кейін ұсталды. Ол да мектепті биыл ғана бітірген жас түлек. Физика-математика мектеп-интернатын “Алтын белгімен” тәмамдаған түлектің ұстаздары шәкірттерінің бұндай іске шатылып жатқанына әлі сене алар емес.

“Бала физика-математика бағытына өте бейім. Осы жылдың өзінде физикадан облыстың жүлдегері. Кан Турнирінің жүлдегері. Республикалық олимпиаданың қатысушысы. Физикалық ой конкурсының жүлдегері. “Алтын белгі” иегері. Ешкіммен ренжітетін бала емес. Біреу үшін кешірім сұрай алатын бала”,- деді Ақтөбе облыстық физика-математика мектеп-интернатының директоры Қаракөз Тілеумағамбетова.

Кәмелет жасына да толмаған жас түлектердің бір-бірін пышақтап тастауға дейін баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Полицейлер де тергеу құпиясына қатысты жақ ашпай отыр.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары