$ 494.87  520.65  4.91

Ішімдікке тойып алған әйел Семейде тұрғын үйді өртеп жіберді

26 маусым күні Жаңасемей көшесіндегі 5 қабатты тұрғынүйден өрт шықты деп жазады 24.kz.

5 қабатты үйдегі 3 бөлмелі пәтердің жиһазы, тұрмыстық техникасы мен көрпе-төсектері өртеніп кетті. Құтқарушылар үй иесін сыртқа шығарып үлгерді. Өрт аумағы - 15 шаршы метр.

25 адам эвакуацияланды. Олардың ішінде 8-і балалар.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Жалын отпен ойнағаннан немесе ішімдікке тойып ап темекі шеккеннен шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары