26 маусымда Шымкентте ер адам суға батып кетті. Қайғылы оқиға Қайнар бұлақ массивіндегі көлде болған деп жазады Otyrar.kz.
Басылымның мәліметінше, ол онда шомылуға досымен және екі баламен келген. Бір сәтте ер адам көлдің ортасына дейін жүзіп кетіп, көмек сұрай бастаған.
Демалушылар оны өз күшімен құтқармақ болып, көмек көрсетуге тырысқан. Сосын құтқарушыларды шақырған. Келген құтқарушылар судан оның денесін алып шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қалың балдырлардың ішіне кіріп, батып кеткен.