19.07.2015, 18:00

Әуежай атаулары өзгеруі мүмкін

Сурет, news.ivest.kz

Белгілі қорғаушы Жангелді Сүлейменов Қазақстандағы әуежайлардың атауы өзгерілсе деген ұсыныс білдірді, депхабарлайды Skifnews.kz

Қорғаушы Сүлейменов: «Басқа елдерге барсақ, әуежайларының атауларына қарап сүйсінесің,мысалға ; Шарль де Голь немесе Кеннеди. Өздерінің тұлғаларын танытып мақтанып тұрғандай. Ондай тұлғалар бізде де бар. Мен мысалға: Алматы әуежайын Абай Құнанбаевтың есімімен, Астана қаласындағы әуежайды Абылай хан есімдерімен атар едім » деп жазды Facebooke парақшасында.

Оның пікірінше, әуежайлардың атаулары қызмет түрлеріне де әсерін тигізеді. Және бұл жайында халықтың пікірімен де санасу керектігін айтады.