$ 494.87  520.65  4.91

"Неге қазақша сөйлемейсің?": Оғыз Доған енді "Гелиос" жанармай бекетіндегілермен қырқысты (ВИДЕО)

Бұған дейін "Air Astana" әуе компаниясы мен "Казкоммерцбанк" АҚ-ның қызметкерлерінен қазақша қызмет алуды талап етіп және сол талабын орындата білген қоғам белсіндісі Оғыз Доған бұл жолы "Гелиос" жанармай құю бекетіндегілерге килікті.

Оғыз Доған бұл бекетке 19 маусым күні келіп, "Неге қазақша қызмет көрсетпейсіздер?" деп өз талабын қойған. Бірақ кассадағы Наталья есімді қыз оған дөрекі жауап беріп, орысша қызмет көрсетіпті. Дәл сол келеңсіздікті желіге жариялағаннан кейін басшылықтан түрік азаматына қоңырау түсіп, болған келеңсіздік үшін кешірім сұралған.

26 маусым күні тексермекке барған Оғыз Доғанның тағы да тұнжырғасы түсіп қайтты. Басшылық олқылықтың орнын толтырамыз деп құрғақ уәде бергенімен баяғы жартас бір жартас, кассада сол Наталья отыр.

Сонымен кадр сыртында қыздың бұл жолы мәдениетті жауап бергенін айтқан Оғыз Доған тағы да қазақша қызмет ала алмай кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары