Осыдан 3 жыл бұрын жарынан айрылған Абай Бегей жас қызға үйленетін болды.
Эстрада әншісі Меруерт Түсіпбаева тойға шақыру билетін өзінің Instagram-парақшасына жүктеп қойды. Бірақ Абай Бегейден өтініш түсті ме екен, әнші жазбасын бірден өшіріп тастады. Онда той күні 2 шілдеде деп жазылған. Өтетін жері Алматы екен.
Айта кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Абай Бегей қызын құтты орнына қондырған болатын. Әншінің бірінші некесінен 4 баласы бар.