Алматылық жезөкшелер бизнес-леди болуды армандайды. Бірақ заңгерлер бұған қоғам әлі дайын емес деп отыр.
Софияның тәнін саудалап жүргеніне 15 жыл болған. Жылдар бойы заңды түрде салық төлегісі келеді. Сағатына 15 мыңнан жоғары алатын ол тек өзіне ғана жұмыс істейді.
"Біріншіден, мемлекетке мен секілді қаншама адам салық төлейтін болады. Екіншіден, ер азаматтар да, әйелдер де қауіпсіздікте болмақ. Ол әйелдің қандай екенін білмейді ғой. Кейде ішіп алған азаматтар мүшеқап пайдаланғысы келмей жатады", - дейді ол.
София өзін бір ауық кәсіпкер де сезінгісі келеді. Әрі заңды жұмыс болар еді дейді ол. Заңгер Жангелді Сүлейманов болса, мемлекет қыздарды кәсіпкер ретінде тіркеуге толық құқылы екенін айтады.
"Бұл кірістің бір түрі. Оларды да пол жуу, бәліш пісіру, көлік жуу секілді міндетті түрде тіркеу керек. Себебі, жезөкшелікке рұқсат бар. Әйел өз еркімен тәнін сата алады. Бірақ құқықтық кедергілердің кесірінен жезөкшелер жақын арада бизнес-ледилерге айнала алмайды-ау деп ойлаймын", - деді заңгер.
Десе де мамандар қоғамның мұндай үдерістерге әлі дайын емес екенін мойындап отыр.
Дереккөз: КТК телеарнасы