$ 441.66  475.14  4.86

Түркияда оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адыяман провинциясында оқу-жаттығу ұшағы апатқа ұшырады.

Оқыс оқиға бүгін жергілікті уақытпен сағат 08:30-да тіркелген. Газиантеп университетінің әуе және ғарыш факультетіне тиесілі ұшақ жоспарлы ұшу тапсырмаларын орындау барысында егістік алқабына құлады. Оның салдарынан бір ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды жоғары оқу орынның ректоры Әли Гюр. Қазір оқиға орнына жеткен құтқарушылар апаттың шығу себебін анықтап жатыр.

Дереккөз: 24.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары