$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда жол апатынан 9 жасар қыз бен әйел зардап шекті

Алматыда Рысқұлов даңғылында Қайрат ауылына бұрылар жерде жол апаты болд деп хабарлады оқиға куәгерлері.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, SsangYong Istana микроавтобусы Рысқұлов даңғылымен шығыс бағытта бара жатып, солға қарай бұрылады. Сол кезде Audi Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан. Жүргізуші тоқтап үлгермей, өзіне жол бермеген микроавтобусқа бар жылдамдығымен соғылады.


Қатты соққыдан екеуі де көпірге ығысқан. Audi бетон тақтайшаға соғылса, SsangYong Istana металл қоршау мен жол белгілерін бұзып өтіп, көпірден ұшып кете жаздап тоқтаған.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Audi көлігінде отырған 2009 жылғы қыз бен әйел адам. Әртүрлі жарақат алған олар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жол полициясы мән-жайды анықтап жатыр.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы #апат