Алматыда 3 мың шаршы метр ауданды алып жатқан қойма өртеніп жатыр деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
«28 маусым күні 06:03-те Түріксіб ауданындағы «Қайрат» шағын ауданы, 282 мекенжайында орналасқан қойма ғимараттары өртеніп жатыр, жалын алдын ала мәліметтер бойынша 3000 мың шаршы метр ауданды шарпыған», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 75 өрт сөндіруші, 20 техника жұмылдырылған. Оған қоса әуеден өрт сөндіргіш ұшақ көмекке келген.
Дереккөз: ҚазАқпарат