$ 494.87  520.65  4.91

Риддер әкімінің орынбасары адам қағып өлтіргені үшін бір жылға сотталды

Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевқа үкім шықты. Ол бір жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады YK-news.kz.

Құрманбаев мас күйінде рөлде отырып, Евгений Смольниковты қағып өлтірген еді. 

Бұрын прокурор жол апатына кінәлі адамды бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. 

Естеріңізге салайық, резонанс тудырған жол апаты 2018 жылдың 15 сәуірінде болған еді. BMW Х5 жүргізушісі жол жиегінде кетіп бара жатқан жолаушыны қаққан. Алған жарақатынан жәбірленуші жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған. 

Анықталғандай 45 жастағы көлік жүргізушісі Риддер әкімінің орынбасары болып шықты. 

Қайтыс болған жігіттің әкесі Виктор Смольников тергеуге жоғары лауазымды адамдар араласып жатқанынан қорқатынын айтты. 

23 маусымда Виктор Смольниковке бетперде киген белгісіз адамдар шабуыл жасап, ол бас сүйек-ми жарақатымен, мұрнының сынуымен және кеудесінің гематомасымен ауруханаға жатқызылды. Бірақ бір күннен кейін ол өзін ешкімнің ұрмағанын, подъезде құлап қалғанын айтты. Одан бөлек, ер адам Құрманбаевты жазаламауын, өйткені оның әкесі ауыр науқасқа шалдыққанын мәлімдеді. 

Дереккөз: Today.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары