Алматыда өртенген қоймада 8 балалы сатушы әйелдің тауары мен құжаттары өртеніп кеткен деп жазады Tengrinews.kz.
Әйелдің айтуынша, өрт таңғы сағат 5-те тұтанған екен.
"Ол жерде менің ұлым жұмыс істейді. Телефоны жоқ. Оны шарқұрып іздедім. Қоймада балаларға арналған кеңсе заттары болған. 8 балам бар. Пәтер жалдап тұрамыз. Не істейтімізді білмейміз енді. Зейнетақы да алмаймын. Құжаттар да сонда қалды. Қалай күн көреміз? Несиені қайтіп жабамыз?", - дейді көпбалалы ана.
Өрт 17 380 шаршы метрді алған. Қызыл жалынды сөндіруге 132 тонна су кетті. Тілсіз жау сағат 10:45-да толық өшірілді.