$ 474.72  515.17  5.58

Дубайда «ақылды пальмалар» пайда болды

Дубай әмірлігі технология жетістігін адамзат игілігіне пайдалану жөнінде алдына жан салмай келеді. Шөл далада тұрғызылған әсем шаһарда енді «ақылды пальмалар» пайда бола бастады.

Күн сәулесінен қуат алатын батареялармен жабдықталған құрылғы жан-жағына Wi-Fi желісін таратады. Тіпті, ол арқылы телефоныңызды қуаттап алсаңыз болады. Әр «ақылды пальмада» сегіз қуат көзі орналасқан. Тағы бір артықшылығы «ақылды пальмалар» қалта телефоныңызды жайшылықтағыдан екі есе жылдамдықпен қуаттап беретін көрінеді. Ал, Wi-Fi желісі айналасындағы 100 метр жерге дейін жетіп тұрады. Сондай-ақ, құрылғы бейнебақылау камераларымен жасақталған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары