$ 443.85  474.3  4.8

Түркияда болған жарылыстан 12 адам қаза тапты

Түркияда Сирия шекарасына жақын маңдағы күшті жарылыс салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты. NTV телеарнасының хабарлауынша 20-дан 50 адамға дейін жарақат алған.

 

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес бомба Шанлыурфа провинциясының Суруч уезінің орталығындағы Амара мәдениет орталығы ғимаратының кіреберісінде жарылған. Онда Социалистер қоғамының жастар федерациясы өкілдерінен тұратын 300-дей адам болған. Болжам бойынша бомбаны ТГИЛ-дан шыққан жанкешті жарған. Қазіргі уақытта оқиға орнында дәрігерлер мен полиция қызмет етуде. Тәртіп сақшылары мен аймақтық қауіпсіздік басқармасының аконтртеррорлық ведомство қызметкерлері оқиға аумағын қорғауға алды.


http://24.kz/

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары