Куәгерлер Қостанайдағы Киевская көшесінде велеоспедшіні көліктің қағып кеткені туралы «Аlau.kz» интернет-порталына хабарлама жіберген.
Бұл туралы мәліметті Қостанай облыстық ІІД-і де растады. Алайда, велосипедшіні көлік қақпағаны анықталған.
«25 маусым күні сағат 21.20 уақытында Киевская көшесіндегі «Горбатый мост» маңында 50 жастағы ер адам қайтыс болды. Оның велосипед айдап бара жатып жүрек талмасы ұстап қалған», – деп хабарлады ІІД.
Қазір болған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.