$ 494.87  520.65  4.91

Олжас Сүлейменовтің немересін қағып кеткен көлікті Қызылорда облыстық ІІД басшысының қызы айдаған

Бүгін Астанада өткен арнайы брифингте Олжас Сүлейменовтің жалғыз немересін қағып кетіп, мерт қылған айыпты Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті басшысының қызы болып шықты деп жазады NUR.KZ.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті өкілдерінің айтуынша, өңірлік ІІД департаменті басшысының қызы Мұхитова есімді азаматша маусымның 22-сі күні кешкі сағат 20:56-да марқұмды қағып кеткен.

«Айыпты өзінің кінəсін толықтай мойындады. Ол кейбір БАҚ беттерінде хабарланғандай, оқиға орнынан қашып кетпеген. Жол көлік оқиғасын 1989 жылғы Мұхитова есімді азаматша жасады. Ол өзінің Hyundai маркалы көлігімен 1991 жылғы Сүлейменовті қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 345 бабы 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер айыпталушының кінəсі дəлелденсе, ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, олар айыпталушының ішімдік ішпегенін əрі есірткі заттарын тұтынбағандығын мəлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары