$ 441.66  475.14  4.86

Астанада жол жүру ақысы қымбаттады

Жол жүру ақысы электронды картамен төлем жасағанда бұрынғыша өзгеріссіз қалады, ал қолма-қол төлем 180 теңге болады деп хабарлайды Елорда Ақапарат.

Елордалық мәслихат депутаттары қаланың қоғамдық көліктерінде жол ақысына сараланған тариф енгізу мәселесін бірауыздан қолдап дауыс берді.
Картамен төлеген жағдайда жол жүру ақысы өзгеріссіз қалатыны туралы Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшин айтты.

«Қалалық бағдардарда электронды картамен төлем 90 теңге, қолма-қол төлем 180 теңге болады. Экспресс-бағдарларда картамен төлем 180 теңге, ал қолма-қол төлем 250 теңге болады», - деді ол.

Қала шетіне қатынайтын бағдарлар аймақтар бойынша бөлінеді. Ал бағасы екі есе көбейеді, мәселен, бірінші көлік аймағына қатынау 180 теңге, екінші аймаққа қатынау 400 теңге, үшінші аймақ 600 теңге, ал төртінші көлік аймағына қатынау 800 теңге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары