$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда 19 жастағы жігіт жергілікті тұрғынды қағып өлтірді

Шығыс Қазақстан облысында шетелдік көлік тізгіндеген 19 жастағы жігіт жергілікті тұрғынды қағып өлтірді деп жазады ustinka.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша жүргізуші алкоголді ішімдік ішкен. Жігітті қағып кеткен ол қорыққанынан ізін суытқан. Көп ұзамай полицейлер қылмыскерді ұстады.

"Патрульдік полиция қызметкерлері мемлекеттік нөмірсіз жүрген Tayota Camry автокөлігін тоқтатқан. Нәтижесінде оның адам қаққаны анықталды. Кінәсін мойындап отыр", - дейді ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Дәрігерлер ер адамның өмірі үшін арпалысқанымен, аман алып қалу мүмкін болмады.

Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары