Қостанай тұрғыны автотұрақта тұрған 4 көлікке соқтығысты деп жазады Alau.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 25 маусым күні Чкалов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. "Автокөлік ішінін 5 адам шықты. Бәрі де мас. Олар бірге жұмыс істейтінін айтқан", - дейді жәбірленушілердің бірі.
Оқиға орнына полицейлер дереу жетті. Ішімдік ішкен Audi жүргізушісі 4 автокөліктің де шығынын өтеп берді.