Астанада жол талғамайтын автокөлік жүргізушісі жеті көлікті соғып, өзі ауруханаға жеткізілді деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл туралы Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.
«27 маусымда сағат 19.40-та Toyota көлігінің жүргізушісі денсаулығының нашарлауына байланысты көлікті басқара алмай, жеті көлікке соқтығысты», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Оқиға орнынан 39 жастағы ер адам алдын ала «инсульт» диагнозымен ауруханаға жеткізілді.
«Полиция бұл іс бойынша ақпарат жинап, тексеріс жүргізіп жатыр», - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Қазір ер адам №1 қалалық ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.