Таяуда ғана жол апатынан қаза тапқан Ескендір Сүлейменовтің апатқа ұшыраған сәтіндегі толық видеосы пайда болды.
Видеоны ҚР ІІМ көпшілік назарына ұсынып отыр.
Видеода Ескендір Сүлейменов мотоциклмен бағдаршамның жасыл түсінен өтіп бара жатады. Алайда қарсы беттегі Hyundai автокөлігі оған жол бермей, салдарынан екеуі соқтығысқан. Ескендір құлаған жерінде есін жимастан қайьыс болды.
Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің жиені Ескендірдің қаза тапқан жол апаты Астанада 22 маусымда Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында болған еді.
Оны қағып кеткен көлікті Қызылорда облыстық ІІД басшысының қызы айдаған. Мотоцикл тізгіндеген ақынның жиенін қағып кеткен 29 жастағы әйел оқиға орнынан қашып кеткен. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 345 бабы 3-бөлігі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Егер айыпталушының кінəсі дəлелденсе, ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бірақ бүгін Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов жауапкердің алкоголді ішімдік ішпегенін әрі өз кінәсін толық мойындағанын алға тартып, оның кепілдікпен босатылуы мүмкін екенін айтқан.