$ 445.66  474.58  4.78

Актер Рахман Омаровтың бірінші әйелінің өліміне қатысты бар шындықтың беті ашылды

Алматы полициясы кісі қолынан көз жұмған әйелге қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полициядан хабарлағандай, аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы - адам өлтіру бойынша бірыңғай тергеу ісі тізіліміне тіркелді.

«Қылмыстың ізі суымай ашылды. Қылмыстық іс аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Белгілі болғандай, пәтер иесі мен пәтер жалдаған әйелдің арасында жанжал туындаған.

Еске салсақ, көз жұмған әйелдің танымал актер Рахман Омаровтың бұрынғы жары екендігі туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары