Орал қаласы Дерқұл кентінде жүргізуші вилосипедтегі ер адамды қағып өлтірді деп жазады Мой ГОРОД.
Оқиға 1 шілде күні сағат 16:00-де болған. Жасы 35-тен аспаған марқұм автокөліктің алдына соғылып, сол жерде тіл қатпай кеткен.
"Seat маркалы автокөлігі жүргізушісінің айтуынша, велиосипедтегі ер адам екеуі бір бағытта келе жатқан. Жылдамдықты асырмапты. Бірақ вилосипед күтпеген жерден көлікке қарай бұрылып кеткен", - дейді Орал қалалық ІІД басшысы Мүслім Жәрдемов.