Қостанайда құрбылар арасында жанжал туып, соңы қайғылы аяқтала жаздады. Ұрыс соңы төбелеске ұласып, олардың бірі екіншісіне пышақ сұғып алыпты деп жазады alau.kz.
Қостанай облыстық ІІД-нің мәліметінше, 31 және 35 жастағы екі әйел бірге алкогольдік ішімдік ішкен екен. Мастықтан олар бірін-бірі өлтірмек болған. «Екеуі бір-бірімен сөзге келіспей қалған. Артынша 31 жастағы әйел құрбысына пышық сұғып алады. Зардап шегуші оқиға орнынан дереу ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды», – делінген Қостанай облыстық ІІД хабарламасында. Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, кісі өлтіруге әрекет жасау ісі бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.