Тілсіз жаудан зардап шеккен ер адам ауруханаға жатқызылды деп жазады Yk-news.kz. Өрт 1 шілде күні түнде Риддерде жер үйдің бірінен шыққан. Жалға алынған үйге қонақтар келіп, өздерінше мейрамды атап өтіпті. Алайда қонақтар кете салысымен үй өртеніп кеткен. Бұл сәтте ғимарат ішінде 36 жастағы ер адам жалғыз қалып, оның денесін күйік шалды.Өрт сөндірушілерді куәгерлер шақырған. Құтқарушы топ келгенше риддерлік тұрғын үйден өздігімен шығып үлгереді. Дегенмен, ІІ дәрежелі термиялық күйік алған ол травматологиялық бөлімге жеткізілген. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмауынан шыққан. Атап айтқанда, темекінің тұқылы себеп болуы мүмкін.