Қостанай облысының Рудный қаласында құдықтан ер адамның мәйіті табылды деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жергілікті тұрғындар белгісіз ер адамның өлі денесін кеше кешкі уақытта тауып алған да, шұғыл полицияға хабар берген. Алайда, шұңқырда жатқан адам денесін тәртіп сақшылары өздігімен сыртқа алып шыға алмайтын болғандықтан оқиға орнына құтқарушылар келіп жетті.
Араға бірнеше сағат салып мәйіт жер бетіне шығарылып, сараптама үшін мәйітханаға жеткізілді. Қазір полиция тергеу шараларын бастап кетті.
Дереккөз: kstnews.kz