$ 494.87  520.65  4.91

Алматыға қызына қонаққа келген өзбекстандық қария жоғалып кетті

Алматыдағы қызына қонаққа қыдырып келген ақсақал жоғалып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

65 жастағы Өзбекстан азаматы Бекжан Бегиев кеше күндізгі 10:30 шамасында Алатау ауданы Мәдениет ауылындағы жер үйден шығып кеткен.

Жақындары оны көшеде серуендеп қайтуға шыққан болар деп алаңсыз отырып қалған. Ас дайын болғанда, ер адамды шақырмақ болған туыстары оны еш жерден таба алмаған.

«Құжаты да, телефоны да үйде қалды. Басында жай аулада серуендеп келер деп мән бермедік. Жарты сағаттан соң тамаққа шақырайын деп іздесек, еш жерден таба алмадық. Үйде 1-2 сағат шамасында кеп қалар деп күттік. Сосын үрейлене бастадық. Түнімен іздедік. Мәдениет ауылын түгел аралап шықтық. Ешқандай белгі жоқ, ешкім көрмеген», - деді туыстары.

Олардың айтуынша, ер адамның есте сақтау қабілеті жақсы. Тек аздап қысымы көтеріледі екен. Қазір қарияның туыстары Алатау аудандық ІІБ-на адам жоғалып кеткені жөнінде арызданды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары