$ 448.89  477.93  4.76

Имам үшінші әйел етіп 11 жасар қызды алды

Малайзия билігі Клентан штатының имамын тексеруге алды деп хабарлайды South China Morning Post.

Молда үшінші әйел ретінде Тайландтан 11 жасар қызды алдырыпты. Өзін ислам дінін таратушы санайтын ер адамның екі әйелі және алты баласы бар екен.

Кішкентай қыздың әкесі мен имамның өзі келісімге келгендерін айтып отыр. Яғни, қалыңдық 16 жасқа толғанға дейін өз ата-анасының үйінде тұрады. Ал, 16 жасқа толған күні оны күйеуі алып кетуі тиіс.

Қыздың әкесі күйеу баласын бұрыннан танитынын да айтты. Олар Малайзияда каучук плантациясында жұмыс істеген екен. Қызына алғаш рет құда түсіп келгенде ата-ана үзілді-кесілді бас тартқан. Алайда, қызды тек жасы жеткенде ғана алып кететінін айтып сендірген имам, ақыры жеткіншекпен некесін қидырып алыпты.

Тергеуге алынған әке некеден кейін қызы үйінен ешқайда шықпағанын айтып ақталып отыр. Оның үстіне, Малайзия заңы бойынша, қыз бой жетпей заңды некеге тұра алмайды.

Ал, куәгерлер болса имам мен 11 жасар қыз арасында үйлену тойының болғанын айтып, дәлел ретінде неке рәсімінен түсірілген фотосуреттерді желіге жариялады. Енді сот Че Абдул Хамидті кінәлі деп тапса, оны 6 айға соттап, 247 доллар айыппұл төлетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары