Қарғандыда жаяу жүргіншілер жолында 2 көлік соқтығысып, 1 адам қайтыс болды деп жазады Еkaraganda.kz.
30 маусым күні Ермеков мен Газалиев көшелерінің қиылысында «Лада Приора» мен «Opel» соқтығысады. Салдарынан «Лада Приора» автокөлігінде отырған 63 жастағы әйел мен жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 56 жастағы әйел қайтыс болды.
Осы іске қатысты ҚР ҚК бойынша "Жол ережелерін бұзғаны үшін" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.