$ 444.32  473.33  4.76

Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Алматы облысында болған жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тауып, жетеуі зардап шекті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Апат Райымбек ауданы Кеген ауылына жақын жерде болған.

Екі көлік Кеген – Сарыжаз – Нарынқол тас жолында соқтығысып, 5 адам жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында жан тапсырған. Ал жол апатынан жарақат алған жолаушылардың бірі жан сақтау бөліміне жеткізіліпті.

Қазіргі уақытта полиция жол апатының себеп-салдарын тергеп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары