03.07.2018, 08:40

Астана тұрғыны өзенде батып бара жатқан баланы құтқарып қалды (ВИДЕО)

Ер адам өзенде батып бара жатқан баланы құтқарып қалған деп жазады Nur.kz.

Оқиға Астанада орын алған. Есіл өзенде батып бара жатқан баланы оқырман мен оның досы және өтіп бара жатқан тағы екі ерікті судан шығарып алды.

Оқырманның айтуынша, судағы баланы шығара алмай жатқан қыз бен жігітке оның досы іле-шала жүгіріп, суға секіре көмектесуге ұмтылған.

«Оның есімі Арман Смағұлов. Ол өте ұялшақ жігіт, бірақ батырлардың түрін халық білу керек деп ойлаймын. Ол кешкі уақытта ұлымен серуендеп жүрген кезінде, өзенде батып бара жатқан баланы алып шыға алмай әлек болғандарды көре сала, көмектесуге ұмтылған» , - деп жазды оқырман.

Ал «құтқарушының» айтуынша, ол баланың ата-анасы келген кезде оқиға орнынан кетіп қалыпты.

Ер адам баланың ата-анасымен нөмір алмаспағанын айтып, су көп жұтып қойған жүгірмекті ауруханаға алып кеткені жөнінде ғана білетінін жеткізді.