$ 448.15  483.46  4.86

Қапшағайда десанттық биатлоннан ауқымды жарыс басталды

32363 әскери бөлімінде десанттық биатлоннан ауқымды сайыс басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Мұнда ең мықты, батыл, төзімді және жауынгерлік қабілетті атағына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің бес әскери бөлімінің үлгілі парашюттік-десанттық (десанттық-шабуылдау) бөлімшелерінің командасы бас қосты.

«Аэроұтқыр әскерлеріне стратегиялық тұрғыда маңызды тапсырма жүктелген. Аталған әскер тектерінің әскери қызметшілері жауынгерлік тапсырмаларды орындауға ұдайы әзірлікте болуы тиіс. Бұл жарыс сіздердің дене даярлықтарыңыз бен жауынгерлік әзірліктеріңізді тексеретін болады.  Барлықтарыңызға сәттілік серік болғай!», - деп ҚР ҚК ҚӘ Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов қатысушыларға тілегін білдірді. Салтанатты рәсімнен кейін бірден қатысушылар бірінші байқау кезеңдеріне кірісті. Олар уақытқа десанттық парашюттерді төсеу, бағдарлау және әскери топография (күндізгі уақытта азимуттар арқылы қозғалу), әскери-медициналық дайындық бойынша нормативтер тапсырды.  Содан кейін АК-74-тен оқ атуды, «Атлетизм. Табандылық. Алғырлық» танымал кедергі жолағын бұзып өтуді және әуе-десанттық кешеннің снарядтарында секіру алдындағы дайындықты орындады. Ертең сайыс белсенді фазаға көшеді. Жауынгерлер кәсіби жауынгерлік тапсырманы алды, яғни көрсетілген ауданға десанттау, радиациялық, химиялық ластанулармен шартты зақымдалған аймақты еңсере отырып, жаяу марш жасау, жауынгерлік оқ атуларды орындау.  Қатысушылар үшін ең күрделі сынақтардың бірі таулы учаскені бұза отырып, кесіп өтілген жер бойынша түнгі рейд жасау және жүгіру болады. Сайыс барысын бақылап отырған Үндістан Қарулы Күштерінің өкілдері төрешілерге Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің үздік әскери қызметшілерін анықтау оңайға соқпайтынын атап өтіп, әскери қызметшілеріміздің дайындық деңгейін жоғары бағалады. Барлық үміткерлер мықты және жеңіске жетуге лайықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары