Жаңалықтар 22.07.2015 сағат 03:43

Жас құтқарушылар Әзербайжаннан жеңіспен оралды

Теміртаудың  SOS  Балалар ауылының жас құтқарушылар командасы  Әзербайжан  Республикасы Гябяля қаласында өткен  Халықаралық жарыстан  оралды. Жарыс Әзербайжан Республикасының ТЖМ 10 жыл толуына байланысты өткізілді деп хабарлайды Skifnews.kz

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 

Сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларус, Молдава, Грузия,Түркия,Польша, Әзербайжан елдерінен келген жеткіншектер бақтарын сынады.Жас құтқарушылар жарысы бірнеше кезеңнен тұрады. Оның  ішіне өрт,судан болатын апаттардың алдын алу шаралары сияқты түрлі ойындар  өткізілді. «Жас сарапшы» интеллектуалды сайысында біздің балалар бірінші орынды қанжығаларына байлады. 

Біздің команда Грузия, Түркия, Польша командаларын артта  қалдырып,жалпы есеп бойынша бесінші орынға ие болды. 
Жас өспірімдер бұл сайыстан ерекше әсер алғандарын және мұндай сайыстар біздің елімізде де ұйымдастырылса деген ұсыныс білдірді. 

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар