03.07.2018, 09:39

Сары әулие атанып кеткен емші өзі жайлы бар шындықты жайып салды

Біреулер Марат Есенбаевтың еміне, емшілігіне сенеді. Ал енді біреулер күмәнмен қарайды. Бірақ бір нәрсе ақиқат: ол сонау 90-шы жылдары Сары әулие деген атпен танымал болды. Стадионға мыңдаған адам жинап, сеанс жүргізіп, әйгілі емшіге айналды. Ал таяуда ол халықаралық «Құрмет» орденімен марапатталды. Сондай-ақ «Теология ғылымының құрметті профессоры» деген ғылыми атақ алды деп жазады Zamana.kz.

«Мен шет елдерде көп боламын. Елге келгенде де бір орында тұрақтамаймын, өңірлерді аралайтын кезім көп. Себебі адамдар емге келіңіз деп шақырады. Алдын-ала жазылады. Ал былайша, өзім Алматыда тұрамын. Атырауда бір шаңырағым бар. Ол жаққа жылына екі-үш мәрте барып тұрамын.

Тұрмыс жағдайым жайлы сұрап отырсыз, айтайын. Осыдан 5-6 жыл бұрын Күләш есімді көмекшімнің ұлының басына іс түсті. Соған байланысты мен бүкіл дәулетімді сатып, ақшасын Күләштің ұлына ұстаттым. Осы себепті қазір баспанам жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз. Ешқандай кәсіп жоқ. Бары – осы».

Марат Есенбаев өзімен соттасып жүрген қыздарымен қарым-қатынасы жайлы да айтып өтті.

«Өкінішке қарай ол екі қыз анасына тартпады. Маған да ұқсаған жоқ. Оларды көше тәрбиеледі. Қазір олармен мүлдем араласпаймын. Екеуі де Атырауда тұрып жатыр», -деді ол.