$ 443.35  475.54  4.82

«Томирис» фильмінің продюсері із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда «Томирис» фильмінің продюсері Анна Чакиртова із-түзсіз жоғалып кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл туралы Facebook желісінде оның достары мен әріптестері хабарлады.

Анна 2-шілде күні Қонаев-Бөгенбай көшелерінің қиылысындағы үйінен кешкі сағат 20-00-ге таман шығып кеткен. Соңғы рет әйелдің дәріханада жүргені сағат 20-04-дер шамасында бейнекамераға түсіп қалған. Әйелдің үстінде кең қара көйлек, көзінде көзілдірік болған.

Аннаның отбасы Медеу аудандық ІІБ арыз түсірді. Қазір басқармада жедел іздестіру тобы құрылды.

 Айта кету керек, Анна Тоқтамысқызы Чакиртова 1976 жылы Өскемен қаласында туған.

Кино саласының маманы, сценарист 2000 жылдан бастап 7 фильмге продюсерлік еткен. Оның ішінде «Анаға апарар жол», «Рэкетир», «Қарашаңырақ» сияқты фильмдер бар. Қазір ол Sataifilm түсіріп жатқан «Томирис» фильмімен жұмыс жасап жатқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары