Ақмола облысында бір жарым жасар сәбиі түнде бесікте жатып, тұншығып қайтыс болды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.
Қайғылы оқиға облыстағы аудандардың бірінде орын алған. Анасы түнде бір жарым жасар баласын бесікке бөлеген. Ал таңертең оның тыныс алмай жатқанын көріпті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем бригадасы сәбидің өлімін тіркеді.
«Медициналық қызметкерлер қайғылы оқиғаға дейін омыраудағы балаға қандай күтім жасалуы қажет екенін түсіндірген. Отбасы жақсы. Тағы балалары бар. Отағасы жұмыс істейді. Баланың дені сау болған», – дейді аудандық аурухана дәрігерлері.
Алдын ала болжам бойынша, анасы сәбиін бесікке бөлегеннен кейін, түнде сәби оянып, тұрмақ болып, оралып қалып, салдарынан тұншығып кеткен.
Полиция сәбидің денесін мәйітханаға жолдады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.