Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 47 жастағы азамат суға кетті деп жазады ҚазАқпарат.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға аудан орталығы – Жосалы кенті тұсындағы Сырдария өзені бойында болған.
«Азамат рұқсат етілмеген орында суға түскен. Оның денесін судан бірнеше сағаттан кейін төтенше жағдайлар мамандары алып шықты», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін тағы да үш адам суға кетіп, көз жұмған болатын.