Қостанай облысындағы Рудный қаласында полицейлер дүкеннен ақша алды деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол 39 жастағы Жітіқара қаласының тұрғыны деп жазады alau.kz.
28 маусым күні таңертең Рудный қалалық ІІБ-не Ленин көшесіндегі дүкеннің бірінде белгісіз ер адам сатушыны пышақпен қорқытып, кассадан 135 мың теңге алып кеткені туралы ақпарат түскен.
Күдіктіні ізін суытпай ұстау мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылып, ер азамат Жітіқара қаласында ұсталды.
Қазір аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті Рудный қаласындағы уақытша қамау изоляторына жабылды.