$ 443.85  474.3  4.8

ШҚО-да бір жасар бала анасымен бірге балконнан құлап кетті

Риддерде анасы мен баласы үшінші қабаттан құлап кетті деп жазады Үk-news.kz.

Оқиға 3 маусым күні 4-ықшамауданында болған.

«Көпқабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан пәтердің балконынан құлап бара жатқан бір жасар баласын анасы ұстап қалмақшы болған. Алайда өзі де сәбимен бірге үшінші қабаттан құлап кеткен. Екеуі де ауруханаға орташа деңгейдегі жарақатпен жеткізілді», – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары