$ 441.66  475.14  4.86

Қостанайда мотоциклшіні қағып кетті

Жол апаты Қостанайдағы Киевская мен Қайырбекова көшелерінің қиылысында болған деп жазады alau.kz.

Куәгерлердің айтуынша, кешкі сағат 19.45 шамасында жол бойында тұрған мотоциклшіні автокөлік қағып кетіпті.

«Біз жолдан өтіп бара жатқан едік. Сөйтсек, шетелдік маркалы көлік мотоциклшіні қағып кеткен екен. Жер қанға боялған. Артынша оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келді», – дейді куәгерлердің бірі.

Мотоцикл жүргізушісінің жағдайы туралы әлі ақпарат жоқ. Оқиғаға кімнің кінәлі екенін полицейлер анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары