$ 442.05  474.14  4.74

Көлік айдап келе жатып ұйықтап қалған жүргізуші бірнеше адамды қағып, бір қарт кісіні мерт қылды

Сочиде көлік жүргізіп келе жатқан ер адам бірнеше адамды қағып кетті. Салдарынан 1 қарт кісі қаза болды деп хабарлайды KTK телеарнасы.

Видеобақылау камерасында жазылып қалған сәтте Nissan көлігінің қарсы жолға шығып кеткенін көруге болады. Жол жиегіне шығып кеткен көлік, жаяу жүріп бара жатқан 4 адамды жаншып өтеді.

Краснодар аумағына жауап беретін ІІМ-нің сөзінше, апат болған жерде 63 жастағы ер кісі қайтыс болған. 3 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары