$ 494.87  520.65  4.91

2 жасар сәби бесінші қабаттан құлап кетті

Рудныйдағы тұрғын үйлердің бірінде 2 жасар сәби 5-қабаттан құлап кетті деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Баланың құлап кеткені туралы хабар 5 шілде күні таңғы сағат 03:25-те облыстық ІІД кезекші-диспетчерлік бөліміне түсті.  

«4 шілде күні сағат 21:30 шамасында Рудный қаласындағы тұрғын үйдің 5-қабатынан 2 жасар ұл құлап кетті. Ол жабық бассүйек-ми жарақаты, оң жақ мықын сүйегі және басқа да ауыр дене жарақаттарымен Рудный қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Ведомствода мәлім етілгендей, 2 жасар бала үйде 8 жасар ағасымен қалған. Ойнап жүріп терезеден құлап кеткен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары