Теміртаудың SOS Балалар ауылының жас құтқарушылар командасы Әзербайжан Республикасы Гябяля қаласында өткен Халықаралық жарыстан оралды. Жарыс Әзербайжан Республикасының ТЖМ 10 жыл толуына байланысты өткізілді деп хабарлайды Skifnews.kz
Сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларус, Молдава, Грузия,Түркия,Польша, Әзербайжан елдерінен келген жеткіншектер бақтарын сынады.Жас құтқарушылар жарысы бірнеше кезеңнен тұрады. Оның ішіне өрт,судан болатын апаттардың алдын алу шаралары сияқты түрлі ойындар өткізілді. «Жас сарапшы» интеллектуалды сайысында біздің балалар бірінші орынды қанжығаларына байлады.
Біздің команда Грузия, Түркия, Польша командаларын артта қалдырып,жалпы есеп бойынша бесінші орынға ие болды. Жас өспірімдер бұл сайыстан ерекше әсер алғандарын және мұндай сайыстар біздің елімізде де ұйымдастырылса деген ұсыныс білдірді.