$ 498.51  522.84  4.81

А. Айымбетов өтемақысы есебінен ұшуы мүмкін

Ғарышкерлерді дайындау орталығында жедел  дайындықтан өтіп жатқан Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің ұшу ақысы ресейлік тараптың есебі бойынша бір миллиард жүз миллион  рубльді (20 млн АҚШ долларына жуық) құрайды, деп хабарлады Қазғарыш агенттігінен.

«Бұл сома коммерциялық емес, тиімді ұсыныс болып табылады. Себебі коммерциялық баға 50 млн АҚШ долларын құрайды».

Ағымдағы жылы республикалық бюджеттен ғарыштық ұшырылымға қаражат бөлінбеуіне байланысты қазақстандық тарап ресей тарапына Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтерінің келісімі бойынша 2016 жылғы ұшырылым шығыстарының өтемақысын жүзеге асыруды ұсынды.

Атап айтқанда, ресейлік тарап кепіл бере отырып, 2016 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағы үшін жыл сайынғы жалға беру төлемі есебінен өтемақыны пайдалануды ұсынды.

«Бір миллиард жүз миллион рубль сомасында қазақстандық ғарышкердің ұшуын жүзеге асыру үшін ресей тарапы шығыстарының 2016 жылғы өтемақысына кепіл беру туралы хат Ресей Үкіметіне жіберілді, Қазақстан Үкіметінің тапсырысы бойынша қазір қаржыландыру көздері мәселесі пысықталуда», - деп атап өтті Қазғарыштан.

http://www.inform.kz/

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары