Танымал журналист Ләззат Танысбай "Нұр-Медиа" холдингінің бас директоры қызметіне тағайындалды деп мәлімдейді "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасы Мәулен Әшімбаев.
"Ол өзінің кәсіби мансабын "Қазақстан" телеарнасынан бастап, кейіннен "Хабар" арнасында жалғастырды. Осы күнге дейін Елбасының баспасөз қызметінде түрлі қызметтер атқарды. "Астана" телеарнасына ауысқанға дейін ол Ақпарат министрлігінің вице-министрі болды.
Өзіне жүктелген міндеттерді атқау кезінде Ләззат Мұратқызы өзін масс-медиа саласындағы мықты маман әрі білікті басшы ретінде көрсете білді. Оның жаңа қызметке тағайындалуы партиялық холдингтің қызметіне серпін беріп, оның тиімді жаңаруына септігін тигізеді деп санаймын.
Біз "Нұр-Медиа" жұмысын жаңа белеске шығарғымыз келеді. Ләззат Мұратқызы бұл міндетті де тиісінше алып шығатынына сенімдімін. Ол "Астана" телеарнасындағы басшылық қызметін қатар алып жүретін болды.
Ләззат Танысбайға жаңа жауапты қызметінде табыс тілеп қоялық!
Дереккөз: NUR.KZ