$ 441.66  475.14  4.86

Қарағандыда көлік ішінде 2 жасар сәбиі бар қоларбаны қағып кеткен

Қарағандыда көпқабатты үйдің ауласынан шығып келе жатқан «Mercedes» көлігі ішінде сәби отырған қоларбаны қағып кеткен. Салдарынан бала түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген деп жазады NUR.KZ .

Ер адам көлігімен «Орбита-1» шағын ауданынан шығып келе жатқан. Ол қоларба сүйреген әйелді байқамай қалып, 2016 жылы туған қоларбадағы қызды қағып кетіпті. Салдарынан бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Көлік жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ол сотта өз кінәсін толықтай мойындады.

Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №1 сотының судьясы Арғын Құтышев оны кінәлі деп тауып, екі жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырды. Сонымен бірге ол 160 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылып, зардап шеккен ана мен балаға 545 000 теңге сомасында айыппұл төлейтін болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары