$ 439.43  473.31  4.82

"Ішіңдегі балаң өлсін": Ақтауда жүкті әйелді 3 қыз жабылып сабап тастады

Ақтауда жүкті әйелді 3 қыз жабылып сабап тастады.Соның кесірінен келіншек қазір облыстық ауруханада жатыр. Миы шайқалыпты. Дәрігерлер дер уақытында көмек беріп, жатырындағы шаранасы аман қалды. Қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Дәрігерлердің көмегінің арқасында, әйелдің құрсағындағы сәбиі аман қалды.

28 жастағы Ұлжан Хайдарова қазіргі уақытта аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Ол сол күні пәтеріне басып кірген апалы-сіңлілі үш қыздың өзін соққыға жығатынын күтпеген.

«Апасы қолымнан ұстап тұрды. Екіншісі деген басымнан артқа қарай итеріп жіберді. Қасындағы үшінші қыз ішімнің астынан бір тепті. Есімнен талып қалдым», – дейді жәбірленуші Ұлжан Хайдарова.

Анықталғандай, мұндай жауыз әрекетке барған қыздар жүкті келіншектен ағасы үшін кек алуды көздеген. Оған себеп бір күн бұрын араққа сылқия тойып алған ағаларының осы үйге кіріп кетуі болған. Ол кезде ер адамның қолында пышақ болыпты. Өз кезегінде жүкті келіншектің күйеуі оны бір ұрып, үйінен қуып жіберіпті.

«Менің сіңілімнің үйіне мас күйінде келіп, енесін сұраған. Баласы көріп, қуып жібереді. Біраздан кейін екі баласы пышақпен келген. Пышақпен келгесін, күйеуі ұрып жіберген келмеңдер деп», – дейді жәбірленушінің әпкесі Зухра Хайдарова.

Бүгінде Ұлжанның жағдайы бірқалыпты болғанымен, дәрігерлер оған әзірге жүріп-тұруға болмайтынын айтқан.

«Белгісіз адамдардан соққы алған. Жабық ми жарақаты, ішінің жарақатымен нейрохирургия бөліміне жатқызылған. Қазір жағдай қалыпты. Ем алып жатыр», – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігері Рахат Беков.

Ендігі Ұлжанды аяусыз сабаған қыздардың жазаға тартылатыны, тартылмайтыны белгісіз. Себебі олар кәмелет жасқа толмаған. Бүгінде олар бостандықта жүр.

Тіпті, аталған оқиғаға қатысты іс қозғалғанның өзінде, олардың ата-анасына айыппұл салынумен ғана шектеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары