Палсенк елді мекенінің маңындағы Варминско-Мазурск воеводасында Польша ӘӘК-нің МиГ-29 жойғыш ұшағы құлады деп хабарлайды Польшаның қорғаныс министрлігі.
Қайғылы оқиғаның түнгі екіде болғаны хабарланып отыр, ұшақ жоспарлы ұшып-қону операциясын жүргізу барысында белгісіз себептермен басқаруды игере алмай, құлаған да өртенген.
"33 жастағы пилот Сакув елді мекенінде катапульталанған, бірақ аман қала алмаған", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында. Ведомство өкілдері пилоттың 800 сағаттай ұшу өтілі болғанын, оның 500-ін МиГ-29-бен ұшқанын айтты.
Марқұмның туыстарына қайғылы оқиға жайлы естірткен. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
Дереккөз: Sputnik Беларусь