22.07.2015, 05:34

Шекарашылар 30 келіден астам героин тәркіледі

Skifnews.kz

ҚР шекарашылары Қырғызстан азаматынан 30 келіден астам героин тәркіледі, деп хабарлайды  Skifnews.kz ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

21 шілдеде Қордай шекаралық тексеру отрядының шекара наряды 9 килограмнан астам есірткі (героин) тасымалының жолын кескенді туралы хабарлағамыз. Бір тәулік өтпей жатып дәл сол пункттен 10 килограмнан астам героин тасымалдаушы, Тәжікстан республикасының азаматы ұсталды. Кеше кешкілік аталмыш отрядтың шекара наряды Қазақстан аумағы арқылы Ресейге өтпек болған тағы бір Қырғыз азаматының автокөлігін тексеру барысында, арнайы үйретілген қызметтік ит көлікте есірткі бар екендігі туралы белгі берді. Тереңірек тексеру нәтижесінде артқы орындықтың астынан бұл жолы 31 килограмнан астам георин табылды.

Іс тиісті мекемелегерге берілді. Тексеру басталды. Қырағы шекарашылар ҚР ҰҚК Шекара қызметі Директорының тарапынан марапатталатын болады.