$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде 45 жастағы ер адам кәуапқа қақалып көз жұмған

Ақтөбе облысында кәуапқа қақалып қалған тұрғын қайтыс болды. Қайғылы оқиға Қарғалы ауданындағы Велиховка ауылында болған деп жазады Кerek-info.

Басылымының мәліметінше, оқиға 30 маусым күні кешкілік болған. 45 жастағы ер адам өз үйінде жеп отырған кәуабына қақалып көз жұмған. Мұны бірнеше күн жүргізілген сараптама қорытындысы да растады.

Ауылдастарының айтуынша, марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.

Сейсенбі күні марқұмды ауылдастары ақтық сапарға шығарып салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары